Қызылордада 2 күн іздестірілген 6 жастағы қыздың денесі табылды

Фото: MadeniPortal.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
220

Қызылорда облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратбекқызының денесі Әйтек су торабынан ағыспен төмен қарай 30 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, қыз баланың денесі Сырдария өзенінен табылған. Құтқарушылар мәйітті су айдынынан шығарып алған.

Еске салайық, Медина 5 маусым күні кешкі уақытта Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Осыдан кейін өңірде ауқымды іздеу операциясы басталған еді.

Іздеу жұмыстарына дрондар, қызметтік иттер, қайықтар мен сүңгуірлер тартылды. Мамандар өзен бойын, жағалауды және оған іргелес аумақтарды бірнеше тәулік бойы тексерді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Ресми ақпарат жарияланған жағдайда толықтырылатын болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы көшелерінде адамдардың мазасын алған жасөспірімдердің енді Астанада жүргені туралы ақпарат та...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысы Шиелі ауданында үйінен шығып кеткен 16 жастағы қыздың мәйіті су арнасынан табылды,...