Аша Матайдың күйеуі шетелде кіммен жүр?

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
705

Кейінгі уақытта сахнадан сирек көрінетін Арман Қоңырдың әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары өнер иесінің модель Айдана Рахымбаевамен бір локацияда болғанын байқап, түрлі болжам жасай бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, Арман Қоңыр мен Айдана Рахымбаева бір жерден сурет жариялаған. Осы сәйкестік оқырмандардың қызығушылығын туғызып, олардың бірге болған-болмағаны қызу талқыланып жатыр.

Пікір білдірушілердің арасында мұны жай ғана кездейсоқтық деп қабылдағандар да, екеуінің арасында қандай да бір байланыс болуы мүмкін деген болжам айтқандар да бар.

«Арман шетелде басқа қызбен жүр ғой. Аша екеуі ажырасып кеткен бе?», «Ашаның өзін дәлелдегісі келіп, Құрылтайға бару себебі осы екен ғой» деген пікірлер жазылған.

Жанкүйерлер соңғы уақытта Арман Қоңыр мен Ашаның бірге түскен суреттерін бұрынғыдай жиі жарияламайтынын атап өткен. Жұп әлеуметтік желідегі парақшаларында көбіне балаларына қатысты жазбалармен бөлісіп жүр.

Дегенмен Арман Қоңыр мен Аша жеке өміріне қатысты тараған болжамдарға әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойынан бей...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық тасжолда көлік қозғалы...