Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіковтің еш жерді жоқ суреті жарияланды

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1452

Желіде қазақстандық эстраданың танымал өкілдері Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіковтің 18 жас кезіндегі сирек фотосы тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Бұл туралы Politico.kz жазды.

Көпшіліктің қызығушылығын тудырған суретті дәстүрлі әнші, термеші Айгүл Елшібаева Instagram-парақшасында жариялап, оның тарихымен бөлісті.

Айгүл Елшібаеваның айтуынша, бұл кадр 1994 жылы Алматы қаласында түсірілген. Сурет Тоқтар мен Мейрамбектің туған күнінен естелік ретінде сақталған. Алайда жазбадағы бір деталь әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр: фотода олардың жасы 18 деп көрсетілгенімен, Тоқтардың ол кезде 19-ға толғаны айтылады. «Тоқтар жасы кішірейіп көрінгісі келді ме, әлде басқа себебі болды ма – онысы белгісіз», – деп әзілмен еске алды әнші.

Жарияланым желі қолданушылары арасында жылы әсер қалдырып, ностальгиялық пікірлерге ұласты. Көпшілік сол кезеңнің студенттік дастарханын, жастардың сәнін, үстел үстіндегі түрлі-түсті сусындарды еске алды. Кейбірі «бай студент болғансыздар-ау?» деп қалжыңдаса, енді бірі «жастық шақтың қайталанбас сәттері» деп бағалады. Әсіресе қос әншінің сол кездегі мұрты мен образдары көптің көңілінен шықты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды Президенттің жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды,...