Мемлекет басшысы 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялады

Жаңалықтар
2075

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифті» атты Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумына қатысты. Форум алдында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей жастарының STARTUP-жобаларының көрмесін аралады. Сондай-ақ, Қостанай облысы Жастарға қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Жиынға қатысушыларға арналған сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев аталған форумның білім мен тәжірибе алмасуға, пікірлестер тауып, ортақ мақсаттар мен жоспарлар жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында елімізде еріктілердің қозғалысына айрықша көңіл бөлінетінін айтты.

– 2016 жылы еріктілердің мәртебесін, құқығы мен міндеттерін және мемлекеттік қолдау шараларын бекітетін «Волонтерлік қызмет туралы» заң қабылдадық. 2017 жылы «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі жастарды жаппай волонтерлік қозғалысқа тарту ісін бастап берді. Биыл Қазақстандағы волонтерлікті дамытудың жаңа кезеңіне қадам басамыз, – деді Мемлекет басшысы.  

Қасым-Жомарт Тоқаев жастар жылы аясында өткізілетін негізгі іс-шараларға тоқталды.

– Жастардың бизнес-бастамаларын дамытуға арналған «Жас кәсіпкер» бағдарламасы экономиканың негізгі секторларындағы стартаптарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Қызметі мен білімі жоқ жұмысқа орналаспаған жастардың мәселесі шешілуде. Жұмыспен қамту, ең алдымен, еңбек тәжірибесі жоқ жастар жөнінде арнайы бағдарлама қабылдануда. Білікті жас мамандарды қолдау күшейе түседі, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еріктілер қозғалысының көшбасшыларын еліміздегі ауқымды әлеуметтік міндеттерді шешу үшін белсенді атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей жастарының екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

– Екі ел жастарының тікелей байланыстары – Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің, достықтың және тату көршіліктің бағдарын нығайтудың маңызды шарты. Елдерімізді ортақ тарих пен ең ұзын шекара ғана емес, сонымен қатар, ынтымақтастықтың зор әлеуеті де біріктіреді. Бұл саясатты жалғастыра береміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің еріктілер қозғалысы арасындағы серіктестікті ынталандыруға бағытталған бірқатар ұсыныс айтты.

– Біріншіден, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын ұйымдастыруды ұсынамын. Сыйлық үздік волонтерлік жобаға беріледі және креативті идеялар мен жобалар жасап жүргендерге жақсы қолдау болады. Екіншіден, Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен тұрақты жұмыс істейтін Волонтерлік кеңес құру мүмкіндігін талқылауды ұсынамын. Бұл өзара ынтымақтастықты нығайту үшін біздің әлеуетімізді күшейте түседі, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, форум барысында Мемлекет басшысы жастар ұйымдары көшбасшыларының 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялап, тарихи-мәдени орындарға бірлескен археологиялық және іздеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі бастамасын қолдады. 

akorda.kz

author

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚАЙРАТКЕР

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...