Қазақтар жарты күнін ұйқы мен тамаққа жұмсайды

Фото: ztb

ЖАҢАЛЫҚТАР
1653

2024 жылы Ұлттық статистика бюросы «Халықтың уақыт бюджетін пайдалану» тақырыбында бір реттік модульдік зерттеу жүргізді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Зерттеудің мақсаты – халықтың өз уақытын қалай пайдаланатыны туралы ақпарат алу, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті анықтау және өмір салтындағы өзгерістерді айқындау. 

Зерттеу нәтижесі бойынша, 10 жастан асқан қазақстандықтардың тәуліктік уақыттарының 54,2 пайызына (13 сағат) жеке күтімге жұмсалады:

• Ұйқы – 9 сағат 26 минут

 • Ас ішу және су ішу – 1 сағат 57 минут 

Жұмыс істейтін ер адамдар жұмысқа орта есеппен 9 сағат 7 минут жұмсаса, әйелдер – 7 сағат 57 минут жұмсайды. Ал бос уақыт ерлерде 2 сағат 31 минутты, әйелдерде 1 сағат 50 минутты құрайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...