“Өлсе де сүт ағып тұрған”: Күйеуі келіншегін қорада балталап өлтірген

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
3139

Қырғызстанда күйеуі келіншегін балталап өлтірген, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ош облылысының Жылалды ауылында балталанған келіншектің туыстары әділдік іздейді. Олар күйеубалаларының өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын қалайды. “Тұрмыс” басылымына марқұмның анасы сұхбат берді.

“Маған “ қызың ауырып қалды, тез келіңіз” деп айтты. Қайныммен 15 минутта барып қалдық. Барсақ полиция бәрін алып кетіпті. Есік алдындағы кішкентай арыққа қан толып қалыпты. Тола қан. Мен “қолы сынды” деп ойладым”, деді марқұмның анасы.

Қаза болған келіншек 28 жаста екен. 1 жастағы баласы бар көрінеді.

“Қызым өлгенде көкірегінен сүт ағып жатты. Жарқыраған қызымды жарты сағатта өлтіріп тыныпты. 2 ғана қызым бар. Әкесі ауруханада жатыр”, - дейді ол.

Марқұм келіншектің туыстары күйеубаласының бас бостандығынан өмір бойына айырылғанын талап етіп отыр. Келіншектің артында 4 баласы қалған.

PESTEL

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 4 118 адам болды. Ел билігі мыңдағ...

АЙМАҚТАР

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескер...