Ресейде 10 мың жылқысы, 76 тазы тұқымдас иті бар қазақ тұратыны туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
10205

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінді Ресейдегі ең бай қазақ туралы ақпарат тарады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Видеода орта жастағы ер адам мойны мен қолдарына толтырып алтын тағып алған. Сонымен қатар 76 тазы тұқымдас иті бар екенін де айтып жатыр.

"Ресейдің Орск қаласының ауылдарының бірінде тұратын Совет деген ағамыз екен. Ресейдегі ең бай қазақтардың бірі дейді. Желіде тараған әңгімелерде 10 мың жылқысы, 76 тазы тұқымдас иті бар деп айтады. Мен қараған деректерде ағамызды үстіндегі алтындарына қарап, "Алтын адам"," Ломбард" деп ат қойып жатқандар да бар. 
Жетпіс жас тойына қатысқан, қазақстандық әнші жігіт Совет ағаның руы жағалбайлы екенін де айтыпты. Арамызда жағалбайлылар бар ма", - делінген видеоның астындағы жазбада.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...