Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

ЖАҢАЛЫҚТАР
1676

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылман халқын қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.

Қадірлі отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Сондай-ақ Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгі­лік пен кешірім сияқты асыл қасиет­тер дәріптеледі. Жұрт кө­мек­ке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсе­ту­ге, сауапты іс атқаруға ұмты­лады.

Ислам дінінің осындай мыз­ғымас рухани құндылықтары мен жа­сампаздық әлеуеті қоғамы­мыздағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Өкінішке қарай, биыл да Ра­мазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Жұқпалы дертті ауыздықтау үшін барлық шара жасалуда. Еліміздегі мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын.

Біз бұл сынақты ауызбіршілік пен жауапкершіліктің арқасында еңсеретініміз сөзсіз.

Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!

Елімізге амандық, әр ша­ңы­раққа бақ-береке тілеймін!

madeniportal.kz

ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

Бүгін Қазақстан Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің ту...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда алты жастағы балалармен жыныстық қатынасқа түскен 60 жастағы күдікті ұсталды. Ол өзіні...