Нұрлан Сабуров 50 жыл Ресейге кіре алмайды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
647

Қазақстандық комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шешім Ресейдік ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін қабылданды, деп құқық қорғау органдары РИА Новости агенттігіне хабарлады.

«Стендапшы Ресейде тапқан ақшасын делдалдар арқылы заңсыз жолмен жылыстатқан», - делінген дереккөзде.

Өткен жылы стендап-комик Ресейдің көші-қон заңнамасын бұзған — елде рұқсат етілген мерзімнен артық болған. Ол кезде айыппұлмен құтылып, елден шығуға және қайтадан ереже бойынша кіруге екі апта уақыт берілген.

Сондай-ақ былтыр Сабуровтың соғысқа қатысты даулы мәлімдемелеріне байланысты бірнеше қаласында концерттері өтпей қалған. Атап айтқанда, Нижневартовск, Екатеринбург және Обнинск қалаларында жоспарланған концерттері өтпей қалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Әзел Дархан есімді қыз жазба жариялап, 2025 жылғы 17 желтоқсанда жатақханада өзін екінші...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....