“Мемлекеттің ақшасы”: Танымал депутат 170 млн теңгені казиноға салған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1390

Алматы облысында мәслихаттың экс-депутаты мемлекеттен субсидия алып, оған Алматыдан пәтер, автокөлік сатып алған, 170 млн теңгені казиноға салған деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, ведомствоның Алматы облысы бойынша департаменті Қарасай аудандық мәслихатының экс-депутатына қатысты аса ірі көлемде алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Күдікті мемлекеттен субсидия алу мақсатында Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына "Награда" түріндегі таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжат ұсынған. Құжатта көрсетілген сома – 947 млн теңге.

"Нәтижесінде ол 474 млн теңге деп көрсетілген соманың 50 пайыз көлемінде заңсыз субсидия алған.

Бұл кірістерді жылыстату үшін күдікті 21 жеке кәсіпкермен көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындау үшін жалған келісімшарттарды қамтитын көп деңгейлі схеманы әзірлеген, бірақ іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмаған. Аталған жалған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 431 млн теңге сомаға қолма-қол қаражат алынды", - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...