Павлодар облысында колония басшысының орынбасары ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2419

Павлодар облысында колония бастығының орынбасары ұсталды. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақпаратты ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.

Интернетте оның ауыр зардаптарға әкеп соқтырған өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл факт бойынша құзыретті органдар қылмыстық іс қозғады.

“Мекеменің бірқатар қызметкерлері мен ҚАЖ жауапқа тартылды, мекеме бастығы қызметінен босатылды. Тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңсыз әрекеттерге принципті ұстанымын білдіреді. Тергеуге жан – жақты жүргізілуде"- делінген хабарламада.

Прокуратура қызметкерлері ұсталған адамның майор Айдар Айдарханов екенін айтты. Сондай-ақ режим бөлімінің бастығы Мейірман Қажымұратов та ұсталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...