"Мен әлі ұрып бастамадым": Ыстықкөлде қазақстандық әйел 14 жастағы қызға шабуыл жасаған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
164

Желіде Ыстықкөлде қазақстандық туристер мен жергілікті тұрғын арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Кадрларда жасөспірім қыздың жарақат алғаны көрінген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарияланған кадрларда әйелдің: "Менің балама не істедің?" деп айқайлағаны естіледі. Осыдан кейін әйелдер арасында төбелес басталып, жанындағы ер адамдар оларды ажыратуға тырысқан.

Тағы бір видеода жарақат алған қыз баланың жерде отырғаны көрінеді. Оған су беріп, көмектесуге тырысып жатқан адамдар бар. Дегенмен кадрда әйелдердің бір-бірімен ұрсысып: "Ұятсыз. Өте өрескелсің", – деп айқайлаған дауыстары шығады. 

Оқиғаға куәгер Өзбекстандық әйел жанжал болған жерден шамамен үш метр қашықтықта тұрғанын жеткізді. Оның сөзінше, дау қоқысқа байланысты шыққан. 

“Бір топ қыздар өтіп бара жатқанда. Сол жақта отырған әйелге қарай қоқыс ұшты. Сосын ол қыздарға жинауды тапсырды. Қыздар бұл қоқыстың олардыкі емес екенін айтты. Дегенмен жинап тастауға қарсы емес екендерін де жеткізді. Сол кезде әйел оларға балағат сөз айта бастады. Бір кезде қыздардың біріне келіп, басынан, мойнынан қысып ұстап алды. Кейін бұл көріністі көргендер жүгіріп келіп, “оны ұрмаңыз, кішкентай қыз ғой” деп ажыратуға тырысты. Ал әйел болса “мен әлі ұрып бастамадым” деп жауап берді. Солай адамдар жақындап келгенше ол қызды жерге лақтырып, аяқпен теуіп, ұра бастады. Осының бәрін мен өз көзіммен көрдім”, – деді өзбекстандық турист.

Оқиға салдарынан жасөспірім қыз миы шайқалып, мұрны сынған күйде ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасы бұл дерек Ыстықкөл аудандық ішкі істер бөліміне тіркелгенін мәлімдеді. Қазір тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада автосалон менеджері клиенттердің көлігін заңсыз иемденіп, сатып жіберген, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Сәкен Сейфуллин ауылдық округінде өткен XXIII дәстүрлі ауыл спортшы...