“Партаны құрғақ жерге жылжытып отыруға мәжбүр”. Ақтөбеде мектеп төбесінен су ағып тұр

Фото: Orda.kz/ Ардақ Ерубаева

ЖАҢАЛЫҚТАР
310

Ақтөбе қаласындағы №74 мектептің төбесінен су ағып, қабырғалары сыз болған. Кітапханадағы 100-ден астам оқулыққа су тиіп, жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Қазір оқушылар төбесінен су тамшылаған оқу кабинеттерінде отырып, партаны құрғақ жерге жылжытып отыруға мәжбүр. 

Ақтөбе қаласындағы Рауан тұрғын алабындағы №74 мектепте 580 бала оқиды. Мектеп пандемия кезінде пайдалануға берілді. Ата-аналардың айтуынша, жаңбыр жауса мектеп төбесінен су ағып кету проблемасы сол кезден бар. Жылдар бойы проблема шешілмеген.

«Екінші қабаттағы оқу кабинеттерінің бәрінен су ағып тұр. Балаларға обал. Парталарын құрғақ жерге жылжытып оқиды. Мектептің екінші қабаты түгелдей су болып жатыр. Акт залының төбесі тесік. Асханаға дейін су тамшылап жатыр. Кітапханадағы кітаптарға обал болды. Оқулықтар, әдеби кітаптар жарамсыз болып қалды. 100-ден аса кітап пайдаға аспай қалды», – деді аталмыш мектептің ата-анасы.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі оқиғаны растады. Оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне қауіп жоқ деп сендірді.

«Ауа райының жылынуы мен жауын-шашынның әсерінен №74 мектеп ғимаратының шатырынан су аққан. Қазіргі уақытта аталған мәселені жою мақсатында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру шаралары қабылдануда. Мектеп әкімшілігі бұл мәселені тез арада шешу үшін тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне қауіп жоқ», – деді Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жұлдыз Шалабаева. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін, 7 наурыз күні ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды. Көп ұзамай ол қолға түсті,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы әуежайында қарулы адамды залалсыздандырған ер адам "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдір...