«Мен елдің болашағымын»: Данияр Елеусінов күтпеген мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
620

Қазақстандық танымал боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында елдің болашағы мен азаматтық жауапкершілік туралы ойын ортаға салды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Спортшы өзін елдің қамын ойлайтын азаматтардың қатарында екенін айтып, көпшілікті өзіне сенуге шақырды.

Данияр Елеусінов жазбасында қазіргі қоғам мен жаңа буын өкілдері туралы сөз қозғаған. Оның пікірінше, бүгінгі заман өзгеріп, зумерлер мен альфа буыны өсіп келеді. Осы ретте чемпион ел болашағына бейжай қарамайтынын жеткізді.

«Елдің қамын ойлап, шырылдайтын қазақ аз... Мен сол қазақтың қатарындамын. Шынымды айтамын. Елдің басына күн туса, басында боламын», – деп жазды Данияр Елеусінов.

Сондай-ақ спортшы өзін елдің болашағымен байланыстырып, қазақстандықтарды оған сенуге шақырды.

«Қазір заман басқа. Зумерлер бар, альфалар бар. Мен елдің болашағымын. Сіздер де маған сеніңіз», – деді чемпион.

Спортшының бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...