Елімізде Атом есімін иеленген қанша азамат бар?

Фото: istockphoto.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2271

Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұратын болып шықты. Олардың ең кішісі – 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uni тілшісіне сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Атом есімін иеленген қазақстандықтар Ақмола, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларында тұрады.

Сонымен қатар құрамында «атом» сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:

  • Атомжан – 2 адам;
  • Атомбек – 6 адам;
  • Атомвек – 2 адам;
  • Атомтай – 1 адам.

Бұл есім иелерінің 80 пайызы – 47 жастан асқан және Қазақстанның 11 өңірінде тұрады.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасы (АЭС) құрылысы бойынша 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысында АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді.

Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеген еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...