Әнші Ayree «Мамский әңгіме» подкастында Айнұр Ілиясоваға сұхбат беріп, жеке өмірі мен жа...
«Менің көзімше қанша рет дәрі ішті»: Арман Дүйсеновтың жұбайына Шерзат Полат ісін қараған атышулы заңгер көмектесін болды
Фото: әлеуметтік желі
Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу Айданқызына Мейірман Шекеев көмектесетін болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы заңгердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол Арман Дүйсеновтың жұбайымен сөйлесе келе соттағы шикілікті тапты.
«Әуелі жолдасы Арманның, одан кейін баласы Абылайдың қазасы, енді міне сот қалған отбасы мүшелерін үйден шығару туралы шешімде шығарған. Маған ұсынылған құжаттарды зерделей отырып,бұл істің көлеңке жақтары өте көп екенін аңғардым. Бір отбасына соншама ауыртпашылықтың бірден төнуі әрине қиын жағдай. Мұндай кезде кешегі жақындары алыстап,қиындықпен көп жағдайда жалғыз қалатыны рас,десе де,Айсұлу ханымды қарапайым халық жалғыз қалдырмайық», - деп жазды заңгер.
Еске салайық, Арман Дүйсеновдың ұлы пәтерден өлі күйде табылған еді. Сот жігітті өз-өзіне қол жұмсады деп шешкен.