«Біз сезімімізді айтпаймыз, тек ұрсамыз»: Фариза Төреәлі отбасындағы қарым-қатынас туралы айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
223

Танымал блогер Фариза Төреәлі ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік пен әйелдердің ішкі сезімі туралы пікір білдірді. Ол отбасындағы көптеген келіспеушіліктің астарында айтылмай қалған сезімдер жататынын жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Фариза Төреәлінің айтуынша, әйелдер кейде жұбайына деген сағынышын, көңіл бөлгенін қалайтынын немесе өзін қажет сезінгісі келетінін ашық жеткізе алмайды. Соның салдарынан ішкі сезім реніш пен ұрыс-керіс арқылы көрініс табады.

«Уақыт бөлмейсің. Неге жұмыстан ертерек келмейсің?» деген сөздердің астарында «Мен керек болғым келеді, саған қажет екенімді сезінгім келеді» деген сезім жатыр. Бірақ біз бұл сезімді айтпаймыз. Тек ұрсамыз. Ер адамдар да сәйкесінше сондай қарым-қатынас көрсетеді», – деді Фариза Төреәлі.

Блогердің пікірінше, әйел адамның ренішінің артында көбіне жұбайының назарын, қамқорлығын және сүйіспеншілігін сезінуге деген қажеттілік жатады. Алайда бұл қалауын ашық айтудың орнына, кейде кінәлау мен өкпе білдіру алдыңғы орынға шығады.

Ол ер адамдардың да мұндай қарым-қатынасқа сәйкес жауап беретінін айтып, отбасындағы түсініспеушіліктің бір себебі сезімді дұрыс жеткізе алмауда екенін меңзеді.

Фариза Төреәлінің бұл пікірі ерлі-зайыптылар арасындағы ашық әңгіме, өзара түсіністік пен эмоционалдық жақындықтың маңызын көрсетеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтар үшін баспана сатып алуды қолжетімді ету мақсатында ба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған емші Бағдагүлге әлеуметтік желіде жауап берді, деп...