«Жазылған тағдыр шығар»: «Жігіттер» тобының әншісі отбасындағы үлкен трагедия туралы айтты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1000

«Qazaqstan» телеарнасындағы «Бәрекелді» бағдарламасында қонақ болған «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов еңбекке ерте араласқанын айтты, деп хабарлайды  MadeniPortal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Әншінің пайымынша өмірдің таяғын кім ертерек жейді, сол ертерек ысылады.

«Маңдайымызға жазылған тағдыр шығар. Сынақ десе болады. Әкеміз ерте кетті де, біз еңбекке жас кезімізден араластық. Кезінде әкеміз қызғаншақ болып, анамыз жұмыс істемеген. Әкеміз кеткеннен кейін колледждің дипломымен жұмысқа шығуына тура келді. Әйтсе де анамыздың айлығы жетпейтін. Содан біз өз күнімізді өзіміз көруіміз керек деген ұстаныммен кафеге барып ән айттық. Әнді өңдеуді үйрендік. Үйге салмақ салмаймыз деп жатыр ғой. Салмақ салған күннің өзінде беретін ештеңесі жоқ қой. Бір киімді екі бала болып кидік. Сондай уақыт еді», - дейді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Францияда полиция әкесі бір жылдан астам уақыт фургонда ұстаған 9 жастағы баланы құтқарды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық ба...