Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті деп хабарлайды "...
"Екі-үш күндік өмірі қалды": Жүрсін Ерман туралы тың дерек шықты
Фото: Инстаграм @zhursin_yerman
Белгілі ақын Жүрсін Ерман отандық арналардың бірінде сұхбат берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Жүрсін Ерман ауыр дертпен алфсқан кезін еске алды. Оның сөзінше, ақын қант диабетімен ауырған.
"Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керектігін айтты. "Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты. Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барып, емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні ауруханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөппен емдеп, аман алып қалды”, – деп жан сырын ақтарды ақын.