«Менің Қазақстаным»: Шәмші Қалдаяқовқа арналған ерекше музыкалық кеш өтеді

Madeniet Portaly

ЖАҢАЛЫҚТАР
343

Астанада «Менің Қазақстаным» – Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Өтетін күні: 5 желтоқсан, сағат 19:00.
Өтетін орны: Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МАКҰ (Мәңгілік Ел, 10/1).

Қазақстанның еңбек сіңірген композиторы, халық сүйіктісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі Астанада өтеді. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, композитордың музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауды мақсат етеді.

Фестивальдің басты міндеті — Шәмші Қалдаяқовтың әндерін жаңа орындауда таныту, халықаралық мәдени байланысты нығайту, ұлтаралық диалогты дамыту және жас орындаушылардың шығармашылық бастамаларын қолдау.

Концерттік бағдарламада композитордың кеңге танылған әндері жаңа аранжировкаларда шырқалады. Фестивальге шетелдік әртістер қатысады:

- İlkim Eylül İlk (Түркия),
- Сарвиноз Камалова (Өзбекстан),
- Альфия Каримова (Башқұртстан),
- Michelle Joseph (Моңғолия),
- Вреж Киракосян (Армения).

Қазақстан атынан Қазақконцерттің танымал әртістері өнер көрсетеді: Ерлан Рысқали, Әділхан Макин, Бауыржан Исаев, Алтыншаш Мұқатаева, Анна Уварова, Ибраһим Амин, Айбек Абдыашимұлы, Сая Махамбет, Сұлтан Ахмет, Зарина Макина және басқа да республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары.

Сахнада қосымша «Astana Musical» театрының әртістері, «SAZ&SOUL» тобы және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің камералық ансамблі өнер көрсетеді.

author

Шәмші Қалдаяқов

КОМПОЗИТОР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

IBHOF жыл сайын әлемдік боксқа елеулі үлес қосқан спортшыларды марапаттайды, деп хабарлайды MadeniPo...