Алматыда аз қабатты құрылысқа басымдық беріледі

ЖАҢАЛЫҚТАР
3003

Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлаудың (ЕТЖ) жаңа жобасы аясында қалада аз қабатты құрылысқа басымдық беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин жаңа ЕТЖ-ны таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz, Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін біз ЕТЖ-ны басшылыққа алу керектігін айтамыз. Құрылыс салушы алты қабатты тұрғын үйін ЕТЖ-дағы шарттарды ескеріп, эскизді мақұлданғаннан кейін жобаны жүзеге асырады. Естеріңізде болса, бес қабатты ғимараттың нөлдік бұрышында тоғыз қабатты ғимараттар салынған. Жаңа ЕТЖ-да мұның жолын кестік және жаңа құрылымға ешкім «білгенін» істей алмас үшін бұл аймақтарды демалыс орындарына айналдырдық. Біз қаланың өз ережесі бар екенін түсіндіреміз», - деді Асқар Әмрин.

Жалпы, жаңа ЕТЖ саябақтарды, скверлерді, бульварларды қосқанда, жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайтуды көздейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...