Жолапатынан көз жұмған марқұмдардың аты-жөні анықталды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
730

Түркістан облысындағы жантүршігерлік апаттан бір отбасының бес баласы қаза тапқан еді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Олардың аты-жөні анықталды. Олар туған апалы-сіңлілер – Гүлсезім, Ұлболсын және Ұлдана. Оған қоса жол апатынан олардың тағы екі туысы қаза тапты.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, көлікті мектепті биыл тәмамдаған үлкен әпкесі басқарған. Қыздар өзенге шомылуға бара жатқан. Апаттан бір бала ғана аман қалған. Ол қазір ауыр хәлде ауруханада ем алып жатыр.

Айта кетейік, Volkswagen Polo автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік екіге бөлініп қалған.

Полицияның мәліметінше, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Филиппиннің Замбоанга қаласында мектептердің бірінде атыс болып, екі оқушы қаза тапты, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кенияның Ололокве тауында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 7 адам – алты турист пен ұшқыш қаза...