Павлодар қаласында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.Спортты дамыту дирекциясы...
Мердігерден 30 млн теңге бопсалаған танымал блогер ұсталды
Фото: Polisia.kz
1140
Атырау облысы Құрманғазы ауданында жол құрылысына жауапты мердігер мекеме өкілінен ақша бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Жолда бақылау» қоғамдық бірлестігінің белсендісі болып жүрген ол әлеуметтік желіде жол сапасына қатысты жазбалар жариялап келген.
29 қазанда мердігер өкілі полицияға арыз түсіріп, өзін блогер, қоғамдық белсендімін деп таныстырған азамат одан 30 млн теңге талап еткенін айтқан. Күдікті ақша бермеген жағдайда бейнежазбаны әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытқан.
43 жастағы күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.