Министр мұғалімдерге жаңа мүмкіндік ұсынды: 1472 нөмірі не үшін қажет?

Үкімет

ЖАҢАЛЫҚТАР
34

Қазақстандық педагогтер енді еңбек құқығы, жалақы және мектеп басшылығымен туындаған мәселелер бойынша 1472 нөміріне хабарласып, кеңес ала алады. Жаңа қызметтің іске қосылғанын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайдыMadeniPortal.kz

Министрдің айтуынша, жаңа байланыс орталығы «Ұстаз» платформасы аясында жұмыс істейді. Ол педагогтердің күнделікті қызметінде туындайтын мәселелерді жедел шешуге және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Атап айтқанда, мұғалімдер мынадай мәселелер бойынша жүгіне алады:

  • еңбек қатынастары мен еңбек жағдайларына қатысты сұрақтар;

  • жалақы мен қосымша төлемдердің дұрыс есептелуі;

  • мектеп басшылығымен немесе оқушылардың ата-аналарымен туындаған келіспеушіліктер;

  • әдістемелік қолдау алу;

  • педагогтердің кәсіби қызметіне қатысты өзге де мәселелер.

Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, бұған дейін кейбір мұғалімдер өз өтініштеріне жауап алу үшін айлап күтуге, қайта-қайта сұрау салуға немесе бірнеше мекемеге жүгінуге мәжбүр болған.

«Біздің міндетіміз – осы тәртіпті өзгерту. Әр педагогтің өтініші дер кезінде қаралып, нақты шешім табуына көмектесуіміз керек», – деді министр.

Сондай-ақ ол байланыс орталығына келіп түскен өтініштер педагогтердің құқықтары мен жеке деректерінің құпиялылығы сақтала отырып қабылданатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта 1472 байланыс орталығы сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр. Осы және келесі аптада жүйенің жұмысы тексеріліп, анықталған техникалық ақаулар жойылады. Министр педагогтерді жаңа мүмкіндікті пайдаланып, өз өтініштері мен ұсыныстарын жолдауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G мобильді байланыс желісінен толық бас тартуды жоспар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыста бір адамдар жұқа киіммен жүрсе де тоңбайды, ал енді біреулер жылы күрте киіп, қалың киінсе де...