Тбилисиден Астанаға ұшқан жолаушы дәретханада вейп шегіп ұсталды

24kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
289

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.

Оқиға 7 қыркүйекте болған. Астана әуежайында Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері әуе кемесі командирінің актісі негізінде жолаушыны рейстен түсірген.

Тексеру барысында шетел азаматы ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында электронды темекі шеккені анықталды. Бұл әрекет ұшақ бортындағы белгіленген талаптарды бұзып қана қоймай, авиациялық қауіпсіздік ережелеріне де қайшы келген.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК – 216 250 теңге көлемінде айыппұлсалынды.

Полиция жолаушыларға ұшақ бортында темекі және құрамында никотин бар өнімдерді, соның ішінде электронды темекі мен вейптерді пайдалануға қатаң тыйым салынатынын ескертті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова қымбат смартфон ұтып алып, көпш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүриддин Шәмшіұлы көз жұмды, деп хабарлайды M...