Қазақстан 2027 жылы 3G желісінен толық бас тартады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
96

Қазақстан Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G мобильді байланыс желісінен толық бас тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Министрдің айтуынша, соңғы екі жылда елдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 73,6 Мбит/секундтан 93,4 Мбит/секундқа дейін өскен. Ал биыл телекоммуникация саласына кемінде 500 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. 

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында биыл 3704 ауылға, ал 2027 жылы тағы 1863 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады. Қалған елді мекендер спутниктік интернетке қосылмақ. 

Сонымен қатар 2027 жылдың соңына дейін 4G желісі 5291 ауылды, ал 5G желісі 70 қала мен 300 ауылды қамтуы тиіс. 

Бұдан бөлек, республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды мобильді байланыспен қамту үшін 500-ден астам антенналық діңгек орнату көзделген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыста бір адамдар жұқа киіммен жүрсе де тоңбайды, ал енді біреулер жылы күрте киіп, қалың киінсе де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бұрынғы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы&r...