Ақмола облысында бір үйір жылқыны пойыз қағып кетті

Фото: arasha.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1368

Көлік полициясының мәліметінше, «Ерейментау-Алтынтау» бағытында келе жатқан жүк пойызының машинисі жолдағы малды көріп, шұғыл тежеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады – құрам 11 жылқыны басып кеткен. Оқиға салдарынан пойыз 23 минутқа жоспардан тыс аялдауға мәжбүр болды.

Көліктегі полиция департаменті хабарлағандай, жедел-іздестіру шаралары барысында шаруа қожалықтарының бірінің 35 жастағы бақташысы анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомство өкілдері жыл басынан бері Қазақстанда пойыздарды шұғыл тежеудің 234 жағдайы тіркелгенін атап өтті. Оның ішінде 61 жағдайда жолға адамдардың шығып кетуі себеп болса, 167 жағдайда ауыл шаруашылығы жануарлары кедергі келтірген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...