Арқалық қаласында 50 пәтерлі «ақылды» үй салынуда. Оның тұрғындары - су тасқыны са...
Алматыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Фото: freepik
Алматыда жолаушылар автобусы жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылып, төрт адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алматыда жолаушылар автобусы мен үш көлік қатысқан жол апаты болды. Оқиға салдарынан төрт адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, Golden Dragon автобусы Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Райымбек даңғылына жақындағанда жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Соның салдарынан автобус жол жиегінде тұрған ЗИЛ жүк көлігіне соғылған.
Соққыдан кейін ЗИЛ инерциямен алдында тұрған ГАЗ көлігіне барып соқтығысқан.
Полицияның мәліметінше, жол апатынан кейін төрт адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың арасында ЗИЛ көлігінің жүргізушісі мен автобустың жолаушылары бар.
БАҚ мәліметінше, автобуста жүкті әйел мен екі бала болған. Жолаушылардың бірі автобустың №80 бағытта жүргенін айтқан. Оның сөзінше, соқтығыс кезінде автобустың сынған әйнегі салонға шашыраған.
