Қырғызстанда астананы Бішкектен Манасқа көшіруі мүмкін

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
912

Қырғызстанда кейбір саясаткерлер ел астанасын Бішкектен Манас қаласына көшіру мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Камчыбек Ташиев мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ

Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

– Егер біз соған лайық болсақ, неге болмасын, Алла қаласа, болады. Ол үшін қаланы да, халықты да дайындау керек, психологиялық тұрғыда дайын болу қажет. Астана болу – оңай іс емес. Қалаға көп қаржы бөлінеді, оны жаңарту қажет. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Оны заманауи қала етуіміз керек, – деді Ташиев 11 қазанда Манас қаласындағы мектеп директорларымен кездесуде.

Оның айтуынша, Манас 2026 жылы республикалық маңызы бар үшінші қала мәртебесін иеленеді.

Жалал-Абад қаласы ресми түрде 17 қыркүйекте Манас болып қайта аталды. Тиісті заңға президент Садыр Жапаров қол қойған.

Манас – Қырғызстандағы үшінші ең ірі қала, Жалал-Абад облысының әкімшілік орталығы. Қаланың халқы 184 400 адамды құрайды. Ол елдің оңтүстігінде, Ферғана жазығында орналасқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...