Қазақстан мұнайын экспортқа шығару қымбаттайды

Фото: karatu.ru

ЖАҢАЛЫҚТАР
1742

Мұнай құбырларының ұлттық операторы «ҚазТрансОйл» компаниясы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап экспорттық мұнайдың тасымалдау тарифтерін көтереді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«ҚазТрансОйлдың» мәліметінше, тариф 11,3 пайызға көтеріледі. 1 қаңтардан бастап мың шақырымға бір тонна мұнай тасымалдау қызметі үшін ҚҚС-сыз 11,3 мың теңге (қазіргіден 1150 теңгеге артық) талап етеді. Бұл тек экспорттық жеткізілімдерге әсер етеді. 

Оператор қосымша қызметтерге де тарифтерді көтереді: Мақат станциясында Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу (тоннасы 2436 теңгеге дейін), Кеңқияқ станциясында (тоннасына 740 теңгеге дейін) және Атасу бас станциясындағы  «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырында (тоннасына 380 теңгеге дейін).

Тамыз айының басында «ҚазТрансОйл» ішкі нарықтағы мұнай айдау тарифтерін уақытша төмендету туралы шешім қабылдағанымен, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оны қайтадан көтеретіні белгілі болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...