Астанада көлік бағанаға соғылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1290

Астанада Chery Tiggo автокөлігінің жүргізушісі қатысқан өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Telegram-дағы Astanovka98 арнасында оқиға орнын түсірген куәгерлердің видеосы жарияланды.

«Кабанбай батыр даңғылындағы апат. Айналада шам бағанасының сынықтары шашылған. Көлік қоршауға соғылған. Оқиға орнында жедел жәрдем бар», — делінген хабарламада.

Түсініктеме алу үшін Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінілді. 

«Chery Tiggo автокөлігінің жүргізушісі Керей және Жәнібек хандар көшесімен қозғалып келе жатып, Кабанбай батыр даңғылымен қиылыста көлікті басқара алмай, көше шамының бағанасына соғылған. Соққының салдарынан көлік аударылып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады ведомстводан.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...