«Назарбаев бастаған ұрлық әлі жалғасып жатыр»: Экономист билікке қатысты пікір білдірді

Коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1262

«Ел дауысы» YouTube арнасына Оразалы Ержанов сұхбат берді. Ол экономист, «Елге қайтару» қорының құрылтайшысы, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оразалы Ержанов биліктегі былықтарды жайып салды. Экономиканың әлсіз тұстары туралы сөз қозғады. «Назарбаев мені «мочите» деп бұйрық берген» дейді экономист. Оразалы Ержанов Назарбаевтың кесірінен қандай қиындық көргенін де тілге тиек етті.

«Елімізде заң жақсы жұмыс жасайды. Қанша адам сотталып жатыр. Біреудің артына түссе, заң соттауға дәрмені жетеді. Ал олигархтардың сотталуы биліктің тапсырмасына байланысты. Билік әділетті болса, сотта десе, кез-келген олигархқа тіс батады. Бірақ олай айтып жатқан ешкім жоқ, тапсырма жоқ. Кезінде Назарбаев бастаған ұрлық әлі жалғасып жатыр», - деді ол.

Экономист осы бағдарламаға келгенін пайдаланып қазақ халқына ұсыныс тастады. Оның айтуынша, қазақ халқы бірігіп инвестициялық қор құру керек екен. Сол қорда кішкентай баладан қарияға дейінгі адамдардың үлесі болуы керек. Ержановтың айтуынша елге қайтқан активтерден 1 тиын да қайтпаған деген пікірде екен.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодардағы медициналық колледжде жігіт өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Щучинск қаласындағы дәмханадағы жарылысқа қатысты ТЖМ жанынан ведомствоаралық комиссия құрылды, деп...