«Ерні мен кірпігі алынбай жаназасы шықпады»: Желі қолданушысы сұмдық жайтты жайып салды (ВИДЕО)

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
3852

Қайтыс болған әйелдің жасатылған ерні мен кірпігі алынбай жаназасы шықпағаны туралы желі қолданушысы баяндап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Kazaktyn_kelini_melisa есімді желі қолданушысы қыз балаларға ақыл айтты. Оның айтуынша, адам денесіз өзгертпес алдын көп ойланып барып осы іске бару керек екен.

«Бір келіншек қайтыс болды. Оның тырнағы, ерні жасалған. Қайтыс болғаннан кейін сол жасатқандарын алдыруға имам косметолог шақыртыпты. Сол косметолог жылап отырып айтып берді. Ол «біз келесі өмірге ештеңе алып кете алмайтынымыз соншалық тіпті жасатқан кірпік, ерін бәрін алдырып тастап жатыр» дейді», - деп айтты желі қолданушысы.

Бейне жариялаған келіншек осылай қазақстандық қыз-келіншектерден «сіздер бір дүние жасатар алдын осыны ойланасыздар ма?» деп сұрақ қойды. Оның айтуынша, бүкіл қыз-келіншек бейнесі мен денесіз өзгертпес бұрын терең ойлануы керек екен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желілерде Ұлттық Сурдлимпиадалық комитетінің вице-президенті Арсен Шакуов әйелге күш қолд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Қордабай бала күнінде футболмен кәсіби айналысуды армандағанын...