«Баянсыз махаббатым»: Меруерт Түсіпбаева өнердегі музасы туралы сыр шертті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1148

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Айнұр Асанбердінің подкастына сұхбат берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әнші Меруерт Түсіпбаева жеке өмірінен сыр шертті.

"Талай жылдан бері ажырасқан соң бір кісіні жақсы көрдім. Дәл қазіргі уақытқа дейін мен сол кісімен араласамын. Және де мен жасырмаймын, ол кісіге деген баянсыз махаббатым болмағанда мен осындай сызылтып лирикалық әндерді хит қылмас едім. Менің барлық әндерім сол кісіге арналған. Соңғы ән - "Мен де сүймес". Өте танымал болып жатыр. Көбісі сілтемесін сұрап жатыр. Сондай керемет ән.  Ер азаматқа деген сезімді сезінбесем бұл хиттер өмірге келмес еді", - деді әнші.

Жүргізушінің "Бірге тұрасыздар ма?" деген сұрағына Меруерт Түсіпбаева былай деп жауап берді:

"Ол кісімен бірге тұрмаймын, бірақ қарым-қатынасымыз өте жақын. Басқа отбасы жоқ. Кім біледі уақыт көрсетер. Менің мінезімнің ауырлығы соған себепкер деп ойлаймын", - деді Меруерт Түсіпбаева.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында жоғалып кеткен баланың денесі ашық құдықтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зор...

Шоу-бизнес

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген досы әрі актер Кемеңгер Оралдың әлеуметтік желіде жариялаған...