Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. ҚР ТЖМ қарасты «Сейсмологиял...
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы үйленгелі жатыр деген ақпарат тарады
Коллаж: ЖИ/ ult.kz
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман Назарбаевтың үйленетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ulysmedia.kz дерегінше, үйлену тойы Астанадағы The Ritz-Carlton қонақүйінде өтуі мүмкін екенін жазды. Ақпаратқа сәйкес, шараға кәсіпкерлер, саясаткерлер және Назарбаев президент болған жылдары жоғары лауазымды қызмет атқарған тұлғалар шақырылуы ықтимал.
Сондай-ақ қонақүй аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілгені айтылған. Алайда Тауман Назарбаевтың қалыңдығы кім екені әзірге белгісіз.
Тауман Назарбаев 2005 жылы дүниеге келген. Оның анасы — Асель Исабаева, бұрынғы «Мисс Қазақстан» байқауының жеңімпазы. Ол 1999 жылы елдің ең сұлу аруы атанған.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Менің өмірім. Тәуелділіктен еркіндікке» атты мемуарында Асель Исабаевамен мұсылмандық салт бойынша некеге тұрғанын жазған. Осы некеден Тауман және Байкен есімді екі ұлы бар.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына байланысты Құрылтай сайлауында үйінен дауыс бергені туралы ақпарат тараған еді.