Роза Әлқожа дүркіретіп той өткізбек

Фото: roza_alqozha

ЖАҢАЛЫҚТАР
1885

Қазақстандық әнші Роза Әлқожа күйеуінің 45 жасқа толған тойына арнап бата той жасамақшы, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

“8.09.2025 ж отағасы @aidynqaba 45 жасқа толады. Осыған орай ұл-қыздарымызбен ақылдастық. Жанашыр елді жинап, батасын алсақ деп отырмыз.

Бас қосқанымызға да 25 жылдың бедері. Алда алтын тойға дейін ғұмыр бар, қызық-қуанышымыз көп болсын дейік!

Біреуге құда, біреуге ата болған Айекең - қадірлі қария, абыз ақсақал болсын деп ниет еттік”, - деп жазды әнші.

Әншінің тойына келе алмағандар Roza Alkhoja деген YouTube арнадан тойды тегін тамашалай алады.

СПОРТ

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов үлкен спорттағы мансабын жалғастырып, 2028 жылы Лос-Андже...

PESTEL

Непалда алапат су тасқынынан кейін жоғалып кеткен әйел 10 күннен соң үйінді астынан тірі құтқарылды,...