Сол вакцинаны шетелде шығарғандардың айдаладағы біздің балалардың денсаулығын ойлайды деу - өте күлк...
“Орынсыз күйе жағылып жатыр”: Филармония басшысы Наркенже Серікбаеваның сөздерін жоққа шығарды
Фото: әлеуметтік желіден
Көзіне жас алып, сахнадан қуылдым деп видеоүндеу жариялаған дәстүрлі әншіге филармония басшысы жауап берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Естеріңіз сала кетейік, кеше дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның әлеуметтік желіде жариялаған видеоүндеуі туралы жазған болатынбыз. Ол жерде өнер иесі филармония басшысын ар-намысына тигенін, сахнадан қуғанын айтып кінәләп, әкімге үндеу жолдаған еді.
Дегенмен, филармония басшысы Ғалымжан Ерназаров өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. Ол ресми видеоүндеу жариялап, бұл мәселе сот арқылы шешілетінін мәлімдеді.
Кешегі әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты өз жауабымды бергім келеді. Мен – отбасылы азаматпын, анам бар. Маған және отбасымның атына орынсыз күйе жағылып жатыр. Бұл мәселеде мен де заң аясында қорғалуым керек деп санаймын. Осыған байланысты сотқа шағым түсірдім. Енді сот шешімін күтейік. Содан кейін барлық ақпарат ресми түрде жария етіледі, – деді ол.
Филармония басшысы әнші Наркенже Серікбаеваның «жұмыстан қудаландым» деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Оның айтуынша, әртіс тұрақты түрде жұмысқа келмеген.
Сіздер әлеуметтік желідегі парақшаларынан көріп жүргендей, ол бірде Жезқазғанда, бірде Қызылордада – тойда жүреді. Жұмысқа мүлде қатыспайды. Шын мәнінде, оны жұмыстан босатуымыз керек еді. Бірақ біз жанашырлық танытып, бұл қадамға бармадық, – деді Ерназаров.
Сонымен қатар ол Наркенже Серікбаеваның өз кәсіби біліктілігіне қатысты айтқан сынына да пікір білдіріп, бұл мәселеге нүктені сот қоятынын жеткізді.