Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша 7 күн демалады, деп хабарлады madenipor...
Нұрайды өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ашық дереккөздерден
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлтірген күдіктіге тағылған айыптың бірі ауырлатылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оқиғаға қатысты мәліметті жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов хабарлады.
"Адвокаттың айтуынша, іс қайта сараланып, 99-баптың 2-бөлімінің 5-тармағына – "Айрықша қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" бойынша өзгертілді", – деді ол.
Бұл бап 15 жылдан 20 жылға дейінгі немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын, мүлікті тәркілеумен немесе онсыз, қарастырады.
Осылайша, қазір қылмыстық іс келесі үш бап бойынша қарастырылуда:
- 99-баптың 2-бөлімінің 5-тармағы – "Айрықша қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру";
- 125-1-бап – "Некеге мәжбүрлеу";
- 115-1-бап – "Сталкинг".
Айта кетейік, қайғылы оқиға 11 қаңтарда орын алды. Желіде тараған бейнебақылау жазбаларында ер адамның қызды қуып бара жатқаны, оның қашуға және қарсылық көрсетуге тырысқаны байқалады. Кейін ер адам оған бірнеше пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткені көрінеді.