«8 адам қайтыс болды»: Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1012
17 қарашада Чапай – Жаңақала – Сайқын облыстық маңыздағы тас жолдың 50-інші шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысып, бірі отқа оранды. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz .

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Алдын ала болжам бойынша жүргізушілердің бірі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен болуы мүмкін. Ауа райы және жол жабындысының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде: көрініс - жақсы, қозғалысқа әсер ететіндей сыртқы кедергілер болмаған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді. Жол-көлік оқиғасының барлық жағдайлары тергеу аясында анықталатын болады", - дейді БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Сұлтанғалиев

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...