Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Фото: Қызылорда облысының әкмідігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
310

Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды MadeniPortal.kz.

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындау үшін Нұрлыбек Нәлібаевтың кандидатурасы келісілді.  

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды.  

Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

Нұрлыбек Нәлібаев - еңбек жолын 1997 жылы «Қазақойл-коммерция» компаниясында бастады.

2005–2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды. 2007–2008 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратын басқарды. 2008–2013 жылдары Шиелі ауданының әкімі, ал 2013–2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарды.

2021–2022 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімін басқарды. 2022–2026 жылдары Қызылорда облысының әкімі болды.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...