Қазіргі тұста қазақ жазушыларының әзербайжан тіліндегі шығармалардың электронды базасы құрылып жатыр...
Елімізде тұңғыш рет саз сырнай және оның түрлерімен шығармашылық концерт өтті
Еліміздің тарихында тұңғыш рет саз сырнай және оның түрлерімен шығармашылық концерт өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Елорда филармониясында «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің әртісі - Омар Райханның «Көнеден жеткен сырлы әуен» атты концерті өтті. Кешті ұлттық аспаптармен «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі сүйемелдеді. Көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» - Тоғжан Жахин.
Қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспаптарының сан алуандығын көрсеткен кештің ерекшелігі домбыра үнінен бөлек тұңғыш рет уілдек, тастауық, саз сырнай, шаң қобыз, үскірік, жетіген, құссайрауық, шыңырау сынды музыкалық аспаптармен шығармалар жекелей орындалды.
Өз өнерлерімен Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары - Сәулежан Тағзия, Перизат Тұрарова, Қарагоз Гасимова, Айбала Бейсенова, Оспан Құлсымақ, Сандуғаш Тұрғанбекқызы, Көркем Шолошова мен «Шалқыма» халық би ансамблі және Омар Райханның шәкірттері, №1 Музыка мектебінің оқушылары кеш төрін әнмен күйге бөлеп, келген көрермендердің ықыласына бөленді.
Еліміздің тарихында тұңғыш рет саз сырнай және оның түрлерімен үндескен өзгеше кеш көрермендер үшін ерекше әсер қалдырды.