«Ішіп алып, адам менсінбейді»: Нұржан Төлендиев көпшіліктің сынына қалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
379
Әлеуметтік желіде белгілі шоумен Нұржан Төлендиевке қатысты дау шықты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Желі қолданушысы оның тойдағы әрекетін баяндап берген. 

"Жақында бір тойға бардым. Сол жерде Нұржан Төлендиев ән айтып жатты. Бірақ жанды дауыста емес, фонограмма қосып қойған. Кісілігі бар адам сияқты, сонда да амалсыз шығып тұр. Айналасындағылар суретке түсіп, мәз. Өзім оның бұл әрекетіне ұялып қалдым", – деп жазды қолданушы.

Ол өз жазбасында отандық жұлдыздарды әлемдік деңгейдегі өнерпаздармен де салыстырған.

"Джей Ло-ның концертіне бармау керек дейді. Бірақ ол бар өнерін салып, шынайы жанды дауыспен айтады. Біздің әншілермен салыстырғанда еңбегі таза, адал", – деп түйіндеді ол Threads парақшасында.