Өгей қызын анасымен сөйлесіп жүрген кезден бастап зорлаған ер адамнің сұмдығы ашылды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1215

Өгей қызын 8 жасынан зорлаған ер адамға үкім шықты. Тергеу мәліметінше, ер адам қызды алғаш рет 2017 жылы сегіз жасында зорлаған, деп  хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл Шығыс Қазақстан облысында болған жағдай. Кейін ерлі-зайыпты үйленіп, Павлодар облысына көшіп кеткен. Өгей әкесі қызды зорлауды одан кейін де жалғастырған. 2021 жылдың сәуірінде және 2022 жылдың қаңтарында тағы да зорлайды. 

Қыз 15 жасқа толған соң, өткен жылдың күзінде бар жағдайды сынып жетекшісіне айтқан. Сосын қыз ауруханаға жіберіліп, онда бәрі расталған. Осыдан кейін бірден мектеп оқушысының анасы полицияға арыз түсірген. 

Нәтижесінде ер адам 23 жылған сотталады. Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа 8 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...