Кеше белгісіз біреулер Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы Крокус сити холл ғимаратында оқ жауд...
“Көзіме қарап тұрып өтірік айтты”. Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде сатқындық туралы жазба қалдырды
Фото: инстаграм парақшасынан
Танымал әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде жеке өміріндегі жәйттер, сатқындық және бақыт туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Ауыртпалық пен сатқындық ешқашан алыстан келмейді. Олар әрдайым қасыңда, кейде жақын болғаны соншалық, олардың қайдан шыққанын байқамайсың, өйткені олардан мүлде күтпейсің», — деп жазды әнші.
Әнші өзінің сатқындықты қалай түсінетінін нақтылап жазып түсіндірген.
«Сатқындық — бұл менің артық үміттерім немесе қиялдарым туралы емес. Бұл өз жараларымды, сезімдерімді, жүрегімді сенуге болмайтын адамға арнау туралы», — деді ол.
Сонымен қатар әнші адамдарға сенім артудың қауіптілігін айтты.
«Мен өмірімде мені қалай да бір рет сатқындыққа ұшыратқан, мені ақымақ деп ойлаған адамдарды көп көрдім. Олар көзіме қарап тұрып өтірік айтты. Бірақ бәрін сездім. Әрдайым сезетінмін. Дегенмен, жиі интуициямды күмәнданумен шектеймін. Мен сенгім келеді. Бірақ сенуге болмайды. Тек өзіңді тыңдап, өзіңді ғана есту керек. Мені түрлі себептермен қаралап, сырттай ғайбат айтып, өсек таратып, жала жапқан адамдар, кейін күлімдеп менімен бір үстелге отыратын. Мен оларды жақсы білемін. Мен олардың өзіме жақын емес екенін сезетінмін. Тек, мұны мен кейінірек, өмір мені даналыққа үйреткенде түсіндім. Олармен айналысуым — менің ең қымбат уақытымды босқа кетіру екен», — деп жазды әнші.
Мақпал Исабекованың ойынша, шынайы бақытты адамдар әрдайым мейірімді болады.
«Бақытты болыңыздар. Өзгенің өміріне алаңдамайтындай дәрежеде бақытты болыңыздар. Тек өз өмірлеріңізбен айналысыңыздар. Себебі шынайы бақытты адамдар әрдайым мейірімді болады», — деді Мақпал.
Әнші өзіндік мінезі мен өмірге деген көзқарасы туралы да жазды.
«Мен қылышпен шаба аламын. Жақсы шаба аламын. Бірақ қазір ол мен үшін маңызды емес. Жас кезімде болса, мен әрекет ететін едім, бірақ қазір оған уақыт жоқ ( оның мәні жоқ). Сіздерді орнына қоюға уақыт та, артық энергия да жоқ», — деді ол.