ChatGPT Қазақстанға салықты толық төлемеген

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
115

ChatGPT-ті әзірлеген компания Қазақстан бюджетіне 1,8 миллиард теңге көлеміндегі салықты толық төлемеген. Аталған сома салық органдарының хабарламасынан кейін ғана бюджетке аударылған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық активтерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Талғат Әділов мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  

2025 жылдың қорытындысы бойынша фискалдық органдар салық міндеттемелерін орындауына байланысты сұрақтар туындаған 77 шетелдік интернет-компанияны анықтады.

Кейбір платформалар Қазақстанда шартты тіркеуде болмаған. Ал бірқатар компанияларда қазақстандық пайдаланушылар жасаған төлемдер көлемі мен төленген қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасы арасында сәйкессіздік анықталған. Талғат Әділовтің айтуынша, хабарлама алғаннан кейін шамамен 8 компания өз салық міндеттемелерін орындаған.

«Ірі сомалар туралы айтатын болсақ, ChatGPT 2025 жыл үшін төленбей қалған 1,8 миллиард теңге салықты қосымша төледі», – деді Талғат Әділов.

Ірі салық төлеушілердің қатарында AliExpress компаниясы да бар. Камералдық бақылау нәтижесінде маркетплейс Қазақстан бюджетіне 600 миллион теңгеден астам қаражатты қосымша аударған.

Тексеру барысында салық органдары екінші деңгейлі банктердің қазақстандықтардың шетелдік интернет-платформаларға жасаған төлемдері туралы мәліметтерін пайдаланады. Комитет бұл төлемдерді шетелдік компаниялар аударған ҚҚС сомаларымен салыстырады. Егер айырмашылық анықталса, компанияларға тиісті хабарлама жіберіледі.

СҰХБАТТАР

Жалған ілімнің жетегінде: жабық діни жамағаттан шыққан азаматтың өмірлік сабағы Дінді тануға деген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласына еңбегі сіңген бірегей медицина қайраткерлері...