Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина Алматыда референдумға қатысты

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
31

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П. И. Чайковский атындағы музыкалық колледж ғимаратында орналасқан учаскеде дауыс берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Белгілі спортшы бұған дейін референдум өткізу мен жаңа Конституция жобасын талқылауды қолдайтын қоғамдық штабтың жұмысына да қатысқан.

Оның айтуынша, дауыс беруге қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі.

«Мұндай шешім елдің болашағы үшін аса маңызды. Сондықтан бүгін мен де учаскеге келіп, таңдау жасадым», — деді Ольга Шишигина.

Ольга Шишигина — жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Ол спорттық мансабы барысында отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосып, бүгінде қоғамдық өмірге де белсенді араласып келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда таңнан бастап дауыс...