ШҚО-дағы Тарбағатай ауданынан алтын адам табылды

ЖАҢАЛЫҚТАР
5183

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Елеке сазынан ұлттық тарихымызға қатысты құнды жәдігерлер табылды. Бұл аумақта археолог Зейнолла Самашевтың жетекшілігімен қазба жұмыстары бір ай бұрын басталған. Нәтижесінде сақ дәуіріне жататын 3 қорғаннан 3 мыңға жуық алтын заттар табылды. Алтынмен апталған әйел адамның әр түрлі пішіндегі моншақтары және киімдеріне арналған жапсырмалар шыққан. Сондай-ақ алтыннан соғылған ат әбзелдері де бар. Осы заттарға қарап ғалымдар бұл қорғандарда бекзадалар мен ханшайымдар жерленуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Археологтар сол замандағы шеберлердің алтынды игеру технологиясын ерекше меңгергеніне таң қалып отыр. Жалпы Тарбағатай ауданында сақ дәуіріне жататын 200-ден астам қорған бар. 

Зейнолла Самашев, археолог, тарих ғылымдарының докторы:

 – Қазақстанда алтын адамдар көп. Сол алтын адамдардың қатарына тағы бір адам ескерткіші қосылды. Үлкен мемлекет өмір сүрген. Онда өндіріс болған. Археологтардың алдындағы міндет – тарихымыздың тереңде жатқанын, тарихи сабақтастықты көрсетіп, үлкен мәдениеттің мұрагері екенін көрсетіп, дәлелдеу.

 www.24.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...