Алматының бұрынғы бас сәулетшісі 11 жылға сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1461

Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов пен жер қатынастары басқармасының экс-басшысы Ардақ Самамбетов сотталды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ахмеджанов пен Самамбетов Алматының тау бөктеріндегі аудандарында ірі тұрғын үй кешендерін салуға рұқсат берген. Сондай-ақ оларға инвестициялық жобалар үшін мемлекеттен жер бөлді деген айып тағылды, кейін бұл учаскелер жеке меншікке өтіп кеткен. Айыптау тарапының мәлімдеуінше, Ахмеджанов бұл әрекеттері үшін жақын туыстарына бірнеше пәтер алған.

Сот Ахмеджановты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі, 361-бабының 1 және 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Самамбетов 10 жылға сотталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...