2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет бала бір жарым жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты әлеум...
Шахтада бір жұмысшы қаза тапты
Фото: freepik
376
Қайғылы оқиға 29 қазанда "Қазхром" компаниясының Дон тау-кен байыту комбинатындағы шахтада болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығының құрметіне аталған және ERG құрамына кіреді.
Компания мәліметінше, вагондарды тіркеу жұмысы кезінде шахта жұмысшысы жарақат алған. Оны Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізген. Алайда дәрігерлер қанша күш салғанымен, оның өмірін сақтап қала алмады.
Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.