Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы жұмысшы мерт болды

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
124

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында орналасқан Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасында қайғылы жағдай болды. Тау жынысының опырылуы салдарынан 2002 жылы туған жас жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 қазанда болған. Кенші шахта ішінде сақтандыру бекітпесін орнатып жатқан кезде кенеттен тау жынысы опырылып түскен. Салдарынан жұмысшы ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

«Қазхром» компаниясының мәліметінше, қайғылы жағдай туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілген.

«Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Басшылық қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына терең көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетеді», – делінген кәсіпорын хабарламасында.

Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның нақты себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін де Дөң тау-кен байыту комбинатында жазатайым оқиға тіркелген. 2025 жылы кәсіпорынның үш жұмысшысын күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілген.

СПОРТ

Қазақстандық парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Ол шешуші белд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жедел қызметкерлердің көзіне түскен "Пепе" интернет-дүкені арқылы елордада есірткіні тарату...